Ұлттық спорт түрлері орталығының бухгалтері 117 миллион теңге жымқырған
Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады, — деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.
Бұл дерек облыс прокуратурасымен тергеліп, қылмыстық іс ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданды.
Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып, «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған, бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Сіздің реакцияңыз қандай?