«Өмірден өтіп кететін сияқты күйдемін»: Мақпал Жүнісова атышулы видеосынан кейінгі жағдайын айтты

Қыркүйек 17, 2024 - 20:14
Қыркүйек 18, 2024 - 01:01
«Өмірден өтіп кететін сияқты күйдемін»: Мақпал Жүнісова атышулы видеосынан кейінгі жағдайын айтты

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова шулы видеосынан кейін әлеуметтік желіден көрінбей кетті.

Халықтың ерке қызы шулы видеодан кейін енді ғана жеке парақшасында мұрағаттағы видеолар жариялап, оқырмандарымен сырласа бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тағы оқыңыз: «Әнші емес, алқаш дейсіздер»: Мақпал Жүнісова тағы бір шулы видео жариялады (ВИДЕО)

«Өмірден өтіп кететін сияқты күйде төсек тартып жатырмын. Ешкімге тіл тигізген жоқпын, аман болыңыздар! Күз айы мен үшін депрессия. Осы айда қатты күйзеліске түсемін. Зәкеңнен айрылып, жаралы жүрек осы күнге дейін шерлі. Осы күнге дейін өлтірген адамды таба алмай, халықтың алдында ешкімді ұстап бермеді. Сол ашылған күні тек айран ішер едім», – деп жазды әнші.

«Күз айы мен үшін депрессия сыр шерткен Мақпал Жүнісоваға «Менің де жаным жаралы, қалай кездесуге болады Мақпалжанмен?» деп сырласқан оқырманына әнші: «Мықты болыңыз. Екі жаралы кездессек, тіптен қуып кетуіміз мүмкін», - деп жауап берген. Әншінің бұл әзіліне сүйсінген халық «Әлі де болса әзілін қоймапты, бұл - жақсылықтың белгісі» деген пікір білдіріп жатыр. 

Тыңдармандары өнер иесіне қолдау білдіріп жатқаны анық байқалады. Негатив пікір өте аз. 

«Күйік ұрттатып қояды арасында, мен түсінем жараңызды», «Жаным сол, Мақпал, сізге бәрі болады. Арасында ішуге де болады. Айтарлықтай ештеңе болған жоқ қой», «Не ішсеңіз де жұмысым жоқ. Тек жарқырап жүрген жұлдыз екеніңізді жақсы білемін», «Мұндай дауыс иесі ішпеуі тиіс. Ішпеңіз»,деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow