«Бауырым, табақ әкеліп бересің бе?»: Желіде Бекболаттың жерде тамақтанып отырған ВИДЕО-сы тарады

Елде болсаң, бөлменің төрінде отырар едің.

Маусым 10, 2024 - 11:35
Маусым 10, 2024 - 16:21
«Бауырым, табақ әкеліп бересің бе?»: Желіде Бекболаттың жерде тамақтанып отырған ВИДЕО-сы тарады
Фото: видеодан кадр

Бекболат Тілеуханның болжам бойынша Ыстамбұл қаласында бір топ азаматпен тамақтанып отырған видеосы тарады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Видеода бір топ азамат жерге дастархан төсеп, асқа кіріскелі жатыр. Төрде Бекболат Тілеухан да отыр, деп жазды Azattyq Rýhy.

«Бауырым, кішкентай табақ әкеліп бересің бе?», - дейді Тілеухан түрік тілінде.

Видеоны жариялаған адам жақсы адамдардың ортасында Меккеге апаратын жол ретінде ниет етіп отырғанын айтады.

«Меккеге баратын қадамдардың бірі деп тілейік. Жақсы адамдармен отырмыз. Меккеде жейтін тамақ», - дейді видеоның авторы.

Видеоның астына жазылған пікірлердің қарасы өте көп. Кейбіреуі жат жерде жүргеннен гөрі, Қазақстанда жақсы күн кешетінін айтқан.

«Кімнің балконында отырсың, Бекболат? Елде болсаң, бөлменің төрінде отырар едің. Ойбай, мынаған не болған. Бекболат аға, бұрын сізге қарап, қазақ болғаныма қуанатын едім. Дастарханның мәнісі болмай тұр, Қазақстанда шалқып, қазы-қарта жеп жүр едіңдер, қайран қазағым. Бекболат депутат болғандар тәуір еді», - деп жазған олар.

@alatau_serileri #бекболаттілеухан #istanbul #алатаусерілері #fypシ ♬ оригинальный звук - Alatau serileri

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow