Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды – БАҚ

Маусым 10, 2024 - 11:42
Маусым 10, 2024 - 11:42
Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды – БАҚ
Фото: profit.kz

Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Еске салайық, бұған дейін «Қазақтелеком» АҚ 2010 жылдың наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Қуанышбек Есекеев басқарды. Ол Мемлекет басшысы қаулысымен Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін 2020 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды. 2024 жылы 30 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow