«Алқасы - 95 миллион, сағаты - 70 миллион»: Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұрады?

Шілде 5, 2024 - 11:20
Шілде 5, 2024 - 11:37
«Алқасы - 95 миллион, сағаты - 70 миллион»: Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұрады?

Жансая Махабаева есімді блогер танымал кәсіпкер, тележүргізуші Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты. 

Динара Сәтжанның мына образы қанша тұрады деп ойлайсыз? 

"Әдеттегідей, киімнен бастайық, мына комбинезон Acne Studios брендінен, бағасы - 700 мың теңге. Күртешесi Maison Margela брендінен, бағасы - 228 мың теңге. Ал көзілдірігі Saint Laurent Eyewear, бағасы  - 263 мың теңге. Белдігі The Row брендінен, бағасы - 275 мың теңге. Қолғабы Fendi брендінен, бағасы - 350 мың теңге", - дейді блогер.

Ал енді ең қызық жері - әшекейлердің бағасына көшейік. Жансаяның айтуынша, сағаты Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, толық гауһар тастармен апталған, бағасы - 70 миллион теңге.

"Алқасы да осы топтамадан, бағасы - 95 миллион теңге. Білезіктері де осы топтамадан, біріншісі - 57 миллион теңге, ал екіншісі - 21 миллион теңге. Сақинаның бағасы - 9 миллион 500 мың теңге, екіншісі - 5 миллион 300 мың теңге. Сонымен, барлығы - 259 миллион 616 мың теңге", - деді блогер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhansaya Makhabayeva (@zhansaya_ae)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow