Бірнеше қала "тоңып" отыр: Қазақстанда жылу жүйесіне жауапты вице-министр демалыста жүр
![Бірнеше қала "тоңып" отыр: Қазақстанда жылу жүйесіне жауапты вице-министр демалыста жүр](https://sadaqmedia.kz/uploads/images/202312/image_870x_6576b559d8c3c.jpg)
Қазақстанның электр энергетикасына жауапты вице-министр Жандос Нұрмағамбетов жылу беру маусымының күрделі кезеңінде демалысқа кеткен, деп хабарлайды sadaqmedia.
Энергетика министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, ол 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында болады. Артынша, осы лауазымынан кетеді.
«Вице-министр Жандос Нұрмағамбетов 16 қараша мен 15 желтоқсан аралығында еңбек демаласына шығып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, артынша осы лауазымынан босатылады. Вице-министр мен басшылық арасында жанжал туындады деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Айта кетейік, осы салаға жауапты вице-министр демалыста жүргенде Қазақстанның бірнеше ірі қаласындағы жылу желілері алғашқы аязда-ақ істен шыққан. Ақтау, Балқаш, Жаңаөзен және Екібастұз қалалары 9 желтоқсаннан 10 желтоқсанға қараған түнде ішінара істен шығып, халық аязда жылусыз қалған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/wow.png)