Атырауда жасқа толмаған сәби өкпе қабынуынан шетінеп кетті

Желтоқсан 26, 2023 - 14:39
Атырауда жасқа толмаған сәби өкпе қабынуынан шетінеп кетті
Сурет ашық дереккөзден алынды

Атырауда бір жасқа толмаған сәби аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды sadaqmedia "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, балаға "бронхит" диагнозы қойылған. Баланың реанимацияда көз жұмғаны туралы ақпаратты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растаған. 

"Атырау қаласындағы №2 облыстық аурухана әкімшілігінің ақпаратына сүйенсек, науқас сәби Қ.А. биыл 9-15 желтоқсан аралығында «ОРВИ. О.Бронхит» диагнозымен емделген. Оның жағдайы жақсарған соң үйіне жіберілген. Ауруханадан шыққан кезде мекен жайы бойынша Атырау қаласындағы №1 емханаға мәлімет берілген. Ата-анасы 17 желтоқсан күні баласын жеке клиникаға апарып, дәрігерге қаратқан. Алайда, 21 желтоқсанда нәрестенің дене қызуы тағы да көтеріліп, жөтелі күшейген. Соған байланысты науқас сәби №2 облыстық ауруханаға қайта жатқан", - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Балада жедел вирусты инфекция ауыр өтіп, өкпе қабынуы асқынған. Осыған байланысты сәби 23 желтоқсан күні жансақтау бөліміне ауыстырылды. Барлық реанимациялық шара өткізілгенінен қарамастан, ол шетінеп кеткен. 

Естеріңізге сала кетейік, 23 желтоқсан күні Көкшетау қаласында жүкті әйел қатты тұмаудан қаза тапқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow