Сеул Украинаға әскер жіберуі мүмкін

Қазан 22, 2024 - 10:42
Сеул Украинаға әскер жіберуі мүмкін

Сеул егер Солтүстік Кореяның әскері Ресейге болысатын болса, Украинаға өз барлау қызметі мен әскер жіберуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Солтүстік кореялық әскери қызметкерлер қолға түссе, оңтүстіккореялық әскери қызметшілер тергеу жүргізіп, аударма қызметін көрсететін болады. Мұның бәрі Ресей мен Солтүстік Кореяның бірігіп әрекет етуінен төнген қауіпті сейілтуге бағытталып отыр.

Украина президенті Владимир Зеленский Солтүстік Кореяның Ресейге жақтасуға 12 000-нан астам арнайы жасақ жіберу жайлы шешімі қауіпті екенін мәлімдеген еді. Ол мұндай жағдай бола қалса, дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін ескертті.

Солтүстік Кореядан келетін қауіптерге жауап ретінде Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёль өз елінің мүдделерін қорғау мен өңірде бейбітшілікті сақтауға бағытталған «шара» қабылдау қажеттігін атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow