Референдум: Тоқаев Президент орталығындағы, Назарбаев Астана Опера театрындағы сайлау учаскесінде дауыс берді

Қазан 6, 2024 - 12:07
Референдум: Тоқаев Президент орталығындағы, Назарбаев  Астана Опера театрындағы сайлау учаскесінде дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев та АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді. Тұңғыш президент өз таңдауын "Астана Опера" театрында орналасқан 256-сайлау учаскесіне барып жасаған.

Журналистер одан қазіргі таңда қай елде тұрып жатқанын және қайда екенін сұрады. Ол бұл сауалдарға жауап бермей, тек халыққа жақсылық тілеген.

“Бақытты болыңыздар, аман болыңыздар, бақытты болыңыздар”, – деді бұрынғы президент.
Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда дауыс берді.

Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент, ең алдымен, референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты.

"Бүгін – тарихи күн. Халқымыз АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беріп жатыр. Референдум – тікелей демократияның өте тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады. Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде, бұл – тағдыршешті оқиға. Сондықтан мен референдумды қолдаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow