Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Қазан 9, 2024 - 10:28
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатқанын жазған болатынбыз.

Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылы маусымда Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow