Президенттікке кандидат болған экс-депутат өгей қызын зорлап, дүниесін тартып алған
Астаналық Айбота Рақымбекованы «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, экс-депутат және президенттікке кандидат болған әкесі Төлеутай Рақымбеков зорлаған. Ол бір жарым жылдан бері осы сұмдықты дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды Orda.kz.
Айбота Рақымбекованың мәліметінше, 2006 жылы 10 жасында экс-депутат қызды зорлаған. Мұндай жағдай екі рет болған дейді. Сосын анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған. Қазірде ол 1,5 жасар баласымен бірге дағдарыс орталығында тұрады. 28 жастағы Айбота әкесінің озбырлығын дәлелдей алмай жүр.
Айбота Төлеутай Рақымбеков пен Салтанат Рақымбекованың асыранды қызы екен. Бірақ қыз мұны тек 25 жасында білген. Айбота Рақымбекованы 6 айлығында ата-анасы нағашы әжесіне тастап кеткен. 5 жасына дейін Айбота әжесінің қолында өсті. Әжесі қайтыс болған соң, 2002 жылы экс-депутаттың отбасы оны асырап алады. Шын мәнінде Салтанат Рақымбекова – оның тәтесі, яғни туған анасының бауыры болған.
Қыз өзінің зорланғанын былтыр ғана батылы жетіп айтады. 2023 жылы қарашада Төлеутай Рақымбековтың үстінен «Кәмелетке толмағанды зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сіздің реакцияңыз қандай?