«Хабиб Нурмагомедовпен жұмыс істеген»: Ел құрамасына Головкин шақырған шетелдік маман кім?

Қазан 21, 2024 - 12:20
«Хабиб Нурмагомедовпен жұмыс істеген»: Ел құрамасына Головкин шақырған шетелдік маман кім?
Фото: instagram.com/camacho100/

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатына дайындықты бастады. Қазақ жігіттерінің дайындығына америкалық маман Кристофер Камачо көмектеседі, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Азия чемпионаты 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді. Дайындық процесінің бастапқы кезеңі Алматыдағы оқу-дайындық жиынынан басталды. Бұл жиын жалпы физикалық дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Оқу-жаттығу жиынына Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкиннің шақыртуымен физикалық дайындықтан америкалық бапкер Кристофер Камачо тартылған. Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлық біріншілігіне дайындайды.

Кристофер Камачо көптеген жыл бойы кәсіби рингтегі түрлі жекпе-жегі алдында Геннадий Головкиннің жаттығу жиындарына қатысып көмектескен. Сонымен бірге ол танымал ММА спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Дэниал Кормье, Кейн Веласкес, Люк Рокхолдпен жұмыс істеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow