«12 мың евро»: Маргарет Тэтчердің Қазақстаннан алған «Достық» ордені сатылымға шығарылды
«Достық» ордені Маргарет Тэтчерге 2001 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін табысталған еді.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге Қазақстан атынан берілген «Достық» ордені аукционға шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Хабарландыру сирек және көне кітаптар мен заттарды сатуға арналған интернет-дүкендердің бірінде жарияланды. Орден шамамен 7,9 млн теңгеге бағаланып отыр.
Айта кетейік, Маргарет Тэтчерге «Достық» ордені Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін 2001 жылы табысталған еді. Сатылымға байланысты шыққан түсініктемеде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев экс- премьер-министрдің жанкүйері болған деген ақпарат келтірілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?