«Есеппен сүю»: Түркістандық жігіт ғашығына сыйлаған ақшасы үшін соттасып жүр

Қыздар, жігіттерден ақшалай сыйлықты қолма-қол немесе аударымдарға «кірпікке, сушиға» деп жаздыртып алыңыздар.

Маусым 6, 2024 - 12:43
Маусым 6, 2024 - 12:49
«Есеппен сүю»: Түркістандық жігіт ғашығына сыйлаған ақшасы үшін соттасып жүр
Фото: Pixabay.com

Заңгер Қайырхан Балғабеков Түркістан облысының сотында жігіт пен қыз арасындағы ақшалай сыйлықты қайтаруға қатысты іс қаралып жатқанын айтты деп, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Қыздар, өз жігіттеріңізден аударма арқылы ақшалай сыйлық алмаңыздар. Қазір Түркістан облысы Келес аудандық сотында бір іс қаралап жатыр. Істі қысқаша баяндап өтсем, кезінде жігіт өз қызына онлайн аударымдар арқылы 15, 20 мың теңгеден ақшалай сыйлық жасап тұрған. Екі жыл ішінде 1,4 млн теңге жиналған екен. Уақыт өте келе қыз жігітпен айырылысады. Ал жігіт қыздың үстінен сотқа арыз жазып, сыйлаған ақшасын қайтарып алмақшы. Іс бойынша қиындықтар туындап жатыр, өйткені, жігіттің қызға ақша аударғаны рас, ал қыздың ол ақша сыйлық екенін растайтын дәлелі жоқ", - дейді заңгер.

Оның айтуынша, қыз бен жігіт 2021-2022 жылдары жүрген, ал ол кездегі хабарламалар өшіп қалған.

"Аудармаларында да «сыйлыққа» деп жазылмаған. Сондықтан да ол жігіттің жағдайы сотта  басым болып тұр. Қыздар, жігіттерден ақшалай сыйлықты қолма-қол немесе аударымдарға «кірпікке, сушиға» деп жаздыртып алыңыздар. Хабарламаларды сақтап қойыңдар. Абай болыңдар", - дейді Қайырхан Балғабеков.

Айта кетейік, Азаматтық кодекстің 953-бабы бойынша негiзсiз байлықты қайтару мiндетi бар.

"Заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), осы Кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негiзсiз иеленiп алған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi", - делінген заңда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow