«Арнайы шот ашылды»: Қаржы министрі қайтарылған қаржылар туралы мәлімет берді

Бұл қаржы Мемлекет басшысының шешімімен экономиканың дамуына, инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын болады.

Қазан 15, 2024 - 15:57
«Арнайы шот ашылды»: Қаржы министрі қайтарылған қаржылар туралы мәлімет берді

Қаржы министрі Мәди Такиев қайтарылған активтер туралы мәлімет берді, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, заңсыз активтер бойынша арнайы шот ашылған. Бүгінде бұл шотқа түскен қаржының көлемі 176,9 млрд теңге болып отыр. Одан бөлек мемлекетке мүлік түрінде қайтарылған активтер де бар. 

«Бүгінгі таңда осы шотта 176,9 млрд теңге жиналды. Ол ақша ең қажетті инфрақұрылымдық жобаларға жіберілетін болады. Біз оның тізімін шығарып жатырмыз. Мысалы, өңірлерде су проблемасы көп. Электр энергиясының қуаты бойынша мәселелер бар. Біз жоба жасап, әрі қарай Үкіметте ақылдасқаннан кейін, ол ақшаны қайда және не үшін жіберілгенін ашық көрсетеміз», - деді ол Үкіметте өткен брифингте.

Айтуынша, 176,9 млрд теңгеден бөлек мүлік түрінде қайтарылған активтер де бар.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, мемлекетке қайтарылған қаражат экономикаға жұмсалады.

«Қорға қаржы мүлік және ақшалай түрде түсіп жатыр. Бұл жұмыс осы жылы ғана қолға алынды. Өздеріңіз білесіздер, тиісті комиссия өз жұмысын жүргізіп жатыр. Бас прокуратураның арнайы комитеті құрылды. Бұл да өз септігін тигізіп жатыр. Олар бұл жұмыспен мақсатты түрде айналысып жатыр және нәтижелері оң болады деп сенеміз. Бұл қаржы Мемлекет басшысының шешімімен экономиканың дамуына, инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын болады», - деді Нұрлан Байбазаров.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow