«Қостанай Санар деп аталмақ»: қала атауын өзгертуге қатысты хабарлама тарады
Қоғамдық даму басқармасы түсініктеме берді.
Қостанай қаласының атауын өзгерту туралы WhatsApp-та хабарлама таралды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
WhatsApp қолданушылары жаппай таратқан хабарламаға қоғамдық даму басқармасы түсініктеме берді.
«Kaznews агенттігінің Қостанай қаласын Санар деп қайта атау туралы ақпаратына қатысты бұл жарияланымның сілтемелері, құжаттамалық растамалары жоқ екенін мәлімдейміз. Бұл жалған ақпарат», - делінген басқарманың түсініктемесінде.
Сіздің реакцияңыз қандай?