Қазақстанда 15-18 жас арасындағы қыздардың босануы жиілеген — зерттеу
Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда 15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың босануы 50,5% көбейді, деп хабарлайды sadaqmedia.
Ranking зерттеуіне сүйенсек, 2022 жылы 15-18 жас аралығында бойжеткендер 5,2 мың бала туған.
“Егер 2017 жылы осылай 3,4 мың бала туса, 2022 жылдың соңына қарай 5,2 мыңға жетті. Пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсарған жоқ”, - деп жазады сайт.
Дереккөзге сүйенсек, “бұл үрдісті түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдік жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады”.
“Кәмелетке толмаған қыздарда жүктілікті жасанды тоқтату статистикасы соңғы жылдары аздап өзгерді, 12 айда 1,1–1,2 мың жағдай. Жалпы, статистика бойынша, 20 жасқа дейінгі аналардан туған балалардың үлесі аз: 3,3%. Былтыр 403,9 мың жаңа туған нәрестенің 13,2 мыңының анасы 20 жастан аспаған”, - деп жазады сайт.
Сіздің реакцияңыз қандай?