«Тасқыннан кейін бой көтеретін жаңа ауылдар Родинаның деңгейінде салынуы керек» - қоғам белсендісі

Соңғы отыз жылда қазақ ауылы әбден тозды. Бөлінген қаражаттың көбі қолды болды.

Сәуір 29, 2024 - 12:18
Сәуір 29, 2024 - 12:19
«Тасқыннан кейін бой көтеретін жаңа ауылдар Родинаның деңгейінде салынуы керек» - қоғам белсендісі

Үкімет Басшысы Олжас Бектеновтің назарына!

«Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Жалпы, әлемдегі үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі»-депті, Ассамблияның кезекті жиналысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өте жақсы сөз!
Құдайға шүкір, мемлекетіміз бай. Ата-бабадан қалған жердің асты мен үстіндегі байлық жетеді.
Соған қарамастан, соңғы отыз жылда қазақ ауылы әбден тозды. Бөлінген қаражаттың көбі қолды болды….
Тасқынға байланысты, халықтан жиналған ақша да аз болмаса керек. Заңсыз жолмен шетке шығарылып, қайта қайтарылып жатқан қаражаттар мен ұрылардан құстырылған ақша да аз емес…

Сондықтан, жоғарыдағы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып отырған ЖАҢА АУЫЛДАРДЫ Үкімет мына Астананың іргесіндегі РОДИНА АУЫЛЫНЫҢ деңгейінде, тіпті одан да кемелді етіп салуы керек!

Ол үшін “Жаңа ауыл” жобасының стандартын бекітуі тиіс.

Тіпті, осы РОДИНА секілді ауыл саламын деген ауқатты азаматтар болса, оларға қуана-қуана ерік берілуі тиіс…
Сөйтіп, бірте-бірте Қазақстан ауылдары әлемнің ЕҢ ДАМЫҒАН елдерінің ауылдарының деңгейіне жетуі, керек болса олардан да асып түсуі тиіс!
Малдың көңін искеп отыратын дәуірді аяқтайтын, жаңаша өмір салтын бастайтын уақыт жетті.
Ал, біздің әкімдер мен министрлерге салсаң, баяғы Бердібек Сапарбаевтың “Нұрлы көш” ауылының үйлерінің аяғын құштырары сөзсіз.
Айтпақшы, өткен жылы Мемлекет Басшысы осы «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдаған еді ғой.
Сол қабылдау туралы “Ақорда” сайты “Мемлекет басшысы дамыған инфрақұрылымымен және тұрғындарды барынша жұмыспен қамтуымен ерекшеленетін «Родина» ауылы үлгілі елді мекен саналатынын атап өтті…” деген ақпарат берген.

Демек, РОДИНА АУЫЛЫ Қасым-Жомарт Кемелұлының назарында екені белгілі.

Егер, біздің осы жазбамыз Қасекеңе жетсе, сөзсіз бұл ұсынысымыз ескеріледі деп сенемін…

Қоғам белсендісі Ауыт Мұқибектің facebook пaрaқшaсынан

  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow