Төрт дүкені бар шымкенттік азамат сол дүкендері арқылы есірткі сатқан

Қараша 6, 2023 - 12:32
Қараша 10, 2023 - 00:44
Төрт дүкені бар шымкенттік азамат сол дүкендері арқылы есірткі сатқан

Ішкі істер министрлігі арнайы операция арқылы 104 тоннадан астам көкнәр сабаны тәркіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaqmedia.

"ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Батыс Қазақстан облысының полициясымен және көліктегі полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамында көкнәр сабаны мен апиынның қоспалары бар тағам көкнәрін шетелден әкелетін арнаның жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операцияны аяқтады.  Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қолдауымен құрылған жедел-тергеу топтары Орал, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларының аумағында Алматыда апиын көкнәрін сатып алып, оны еліміздің батысында сатқан сегіз адамды ұстады. Есірткі трафигін Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Ақтөбе мен Оралдағы төрт дүкеннің иесі болып шықты. Сол арқылы күдікті есірткі жасауға арналған көкнәр сабаны мен өнеркәсіптік еріткішті сатқан», - деп хабарлады ІІМ.


Сондай-ақ полиция бір мезгілде Астана, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Рудный қалаларында 35 тінту іс-шарасын жүргізіп, күдіктілерді ұстаған.   

«Жүргізілген арнайы операциялар нәтижесінде қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды. Олар 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 104 тоннадан астам көкнәр сабаны, 600-ден астам «тропикамид» және «мидекс» дәрілік препараттарының бөтелкелері, шамамен 5 млн теңге, 4 автокөлік және DAF ауыр жүк көлігі тәркіленді. Бұл ретте бір реттік доза үшін 0,2 грамм экстракциялық апиын жеткілікті екенін атап өткен жөн. Осылайша айналымға апиынның бір миллионнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді. Тәркіленген өнімнің құны 4 млрд теңгеге бағаланады», – деп хабарлады ІІМ. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow