Қайрат Сатыбалдының ертерек шыққанын қалаймын – Бекболат Тілеухан  

Қараша 17, 2023 - 17:06
Қайрат Сатыбалдының ертерек шыққанын қалаймын – Бекболат Тілеухан  

Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы туралы пікірін жеткізді, деп хабарлайды sadaqmedia сайты Uaqyt.info сайтына сілтеме жасай отырып. 

Оның айтуынша, қапаста отырған досына ол осы күнге дейін бармаған, хал-жағдайын білмеген. 

«Ішім удай ашыды. Әлі күнге ішім удай ашиды. Қимаймын түрмеге. Тамақ апарайын десем, кіргізбейді ғой. Тамақ апарар едім, кірер едім, бірақ енді менен басқа да кіретін қаншама адамдар бар. Туғаны бар, туысы бар. Қашан шығатынын білмеймін. Иншалла, шықсын», - деді Бекболат Тілеухан.

Айта кетейік, "Қазақтелеком" компаниясынан аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген Қайрат Сатыбалды былтыр, 2022 жылы қыркүйекте 6 жылға сотталған болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow