Қазақстан — Сан-Марино матчы:Астанада арнайы автобустар қатынайды
Бүгін, 17 қараша күні «Астана Арена» стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамасы арасында матч өтеді. Осыған орай, Астанада арнайы шаттл-автобустары қатынайды, деп хабарлайды.
Матч кешкі сағат 21:00-де басталады. Осы күні «Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көлік көбейеді.
“Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ, жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы”,-деп хабарлайды Астан қаласының әкімдігі,
Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №№ 10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?