Демеу Жадыраев басты фаворитті жеңіп, жартылай финалға шықты

Демеу Жадыраев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері.

Тамыз 6, 2024 - 17:13
Тамыз 6, 2024 - 17:13
Демеу Жадыраев басты фаворитті жеңіп, жартылай финалға шықты
Фото: Olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

77 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Демеу Жадыраев ширек финалда Қырғызстан өкілі Ақжол Махмудовпен белдесті. Бұл кездесуде қазақстандық балуан 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері. Ал Ақжол Махмудов – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы. Демеу Жадыраев 1/8 финалда Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңген еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow