«Жасанды интеллекттің құрбаны болдым!»: Шораев «әйелін ұрды» деген ақпаратқа жауап берді

Жасанды интеллекттің құрбаны болдым! Козачков өтірігің үшін жауап бересің!

Маусым 17, 2024 - 16:10
Маусым 17, 2024 - 16:10
«Жасанды интеллекттің құрбаны болдым!»: Шораев «әйелін ұрды» деген ақпаратқа жауап берді

Белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев "бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген" провокацияға жауап қатты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арман Шораевтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін бірнеше медиада тараған ақпаратқа жауап берді. Оның сөзінше, Козачков жалған ақпарат таратқан. 

"Жасанды интеллекттің құрбаны болдым! Козачков өтірігің үшін жауап бересің!", - дейді Арман Шораев. 

Еске салайық,журналист Михаил Козачков жүктеген видеода ер адам әйел адамды шашынан сүйреп, соққыға жығып, жерге қарай итеріп жібергенін көруге болады. Козачковтың сөзінше, оқиға орнына келген полицейлер видеодағы ер адам - Арман Шораев екенін айтқан. 

Михаил Козачковтың сөзінше, соққы жеген әйел арыз жазудан бас тартқан. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow