«Жанұясына қайта орала алмаған»: белгілі журналист «Нұрикамал» әніне қатысты сырмен бөлісті
Соңғы келісінде әйелі Ханбибіге «міне үйің, міне мәшинеңнің кілті, қош болыңдар..» деп, үйінен шығып жүре берген.
Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан өзiнiң facebook пaрaқшaсындa желі қолданушылары тарапынан қатаң сынға ұшырап жатқан «Нұрикамал» киносының басты кейіпкеріне қатысты бір сырдың шетін шығарды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Журналистің жазуынша, «Нұрикамал» әнін жазып қалдырған сазгер Тұрдықылыш Ізтаевты жұрт әлі түсіне алмаған.
«Әдемі әйелге ғашық болып — «Нұрикамал» әнін жазып қалдырған сазгер Тұрдықылыш ағаның еркек атаулыға үлгі боларлық тағы бір «ерлігін» жазайын.
50-ге келген шағында аз уақыт көңілі жарасқан келіншек пен арақатынасын арамдық санап, жанұясына қайта орала алмаған.
Соңғы келісінде әйелі Ханбибіге «міне үйің, міне мәшинеңнің кілті, қош болыңдар..» деп, үйінен шығып жүре берген.
Баяғыда ағалар ажырасқанда, бір сөмке киімдерін алып қана кететін-ді.
Қазір бәрі басқаша.
Қазір үйден қатын бала-шағасын қуады.
Ажырасарын алдын-ала біліп-жоспарлап, дүниесін жасырып-тығып дайындалады, көріп жүрміз.
Дүниеге әйел таласса - табиғаты, еркек таласса - «қатындығы», майдалығы.
Әрқандай істе ірі болыңдар, жігіттер!», - дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa
Осыдан бірер күн бұрын композитор Тұрдықылыш Ізтаевтың "Нурикамал" әнінің шығу тарихын баяндайтын фильм көрерменге жол тартқан еді. Алайда аталмыш кинокартинаны желі қолданушылары тарапынан қатаң сынға ұшырап жатыр.
Көбі киноның мақсатын түсіне алмағандарын жазған.
"Көзге шөп салуды даналық деп көрсету ма?", "Еркектің көзге шөп салғанына көз жұмып қарап, дым болмағандай бірге тұру, еркекті қабылдауды даналық көру топастық", "Еркектің жүргіштігін ақтайтын фильм" екен деп ренжіп пост жазған.
Фильмдегі оқиға желісі бойынша композитор Тұрдықылыш Ізтаев 1988 жылы шығармашылық тоқырауға ұшырайды. Композитордың сүйікті жұмысы, отбасы болады. Бірақ, ол тарихта қалатын ән жазуды армандайды. Күйеуіне қолдау білдіргісі келген Ханбибі Есенқарақызы оны тауға, табиғат аясына отбасылық серуенге шақырады. Дәл осы демалыста композитор Ақмоладан келген Нурикамалға ғашық болып қалады. Фильмде ғашықтықтан туған әннің тарихы толық көрсетіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?