Діни басқарма шегіртке жеуге болады деген пәтуа берді

Маусым 6, 2024 - 15:14
Маусым 6, 2024 - 15:16
Діни басқарма шегіртке жеуге болады деген пәтуа берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің сөзінен кейін шегірткенің халал өнім екендігі туралы мәлімдеме жасады.

Еске сала кетсек, 5 маусымда Мәжілісте Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы күрес туралы айтқан болатын. Сөз арасында ол кейбір елдер «оны өндіруді және одан керемет ақуыз тағамдарын дайындауды үйренді» деп мәлімдеді. Сонымен қатар, шегірткенің шын мәнінде халал өнім екендігін атап өтті.

Осыған байланысты Factcheck.kz редакциясы шегірткенің халал өнім екендігі рас па, жоқ па, соны анықтау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жүгінген.

Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Factcheck.kz-пен телефон арқылы сөйлесті. Ол шариғат бойынша шегіртке шынымен халал болып саналатындығын айтты. Оның айтуынша, ҚМДБ ұстанатын ханафи масхабында, Мұхаммед пайғамбардың хадистерінің бірінде өліктің екі түрін – балық пен шегірткені тұтынуға рұқсат етілгені анық, – делінген ақпаратта.

Елбек Тасболатұлы «халал мәртебесінің» жұрттың өнімді тұтынуға міндетті екенін білдірмейтінін де атап өтті. Сондай-ақ аймақтың мәдени ерекшеліктеріне байланысты шегірткені өз қалауыңыз бойынша жеуге болатынын алға тартып отыр.

halyq-uni.kz 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow