«Wi-fi бар жерде соған қосылыңыздар. Өзім сөйтемін»: министр телефондағы тарифті үнемдеудің жолын үйретті (ВИДЕО)

Қараша 21, 2024 - 11:50
«Wi-fi бар жерде соған қосылыңыздар. Өзім сөйтемін»: министр телефондағы тарифті үнемдеудің жолын үйретті (ВИДЕО)

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенаттың жалпы отырысының кулуарында байланыс операторларының тарифтері жайлы айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Журналистер министрге сұрақ қоя отырып, байланыс операторлары тұтынушылардың рұқсатынсыз тариф бағасын қымбаттатып, соның салдарынан тариф уақытынан бұрын бітіп қалатынын айтты. Оған жауап берген Мадиев барған жерлеріңізде wi-fi болса, соған қосылып алған абзал деп жауап берді.

«Сіздер ауыр тарифті қолданатын шығарсыздар. Мүмкін, үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан wi-fi бар жерде, соған қосылып алыңыздар. Мен өзім де солай істеймін. Халықтың байланыс операторларынан талап еткені де дұрыс. Біз, үкімет ретінде талаптарды күшейтеміщ. Секундына мГбт көлемін арттырып жатырмыз. Қазір 5G-ді 50 мегабитке жеткізуді көздеп отырмыз»,- дейді министр.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерге қатысты кодекс бойынша бағаларды шектей алмайды.

«Олар базалық станция, қондырғыларға қомақты қаржы құяды. Тарифтердің өсуі нарықтағы жағдайға байланысты. Заман дамып жатыр, әр биік ғимарат интернеттегі ақ жолақтарға әсер етеді»,- дейді Жаслан Мәдиев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow