Құрылысы әлі бітпеген LRT-ға қызметкерлер іздестірілуде

Қараша 4, 2024 - 21:29
Құрылысы әлі бітпеген LRT-ға қызметкерлер іздестірілуде

Астанада LRT жүйесінің автоматтандырылған құрамдарына оператор мамандар іздеп бастады.

City Transportation Systems компаниясы жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істеу үшін поезд операторлары үшін бос орындарға байқау жарияланғанын хабарлады.

Таңдалып алынған кандидаттар Астанада және Қытайда оқудан өтеді. Байқауда компания қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттыруды жұмыс берушінің есебінен қамтамасыз ететінін айтқан.

Компанияның мәліметінше, LRT құрамдары толық автоматтандырылған және пилотсыз жұмыс істейді. Жарияланған бос орын байқауында талаптар да көрсетілген.

Атап айтқанда, жолаушылардың қауіпсіздігін және поездың техникалық жағдайын бақылау, қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау және ақауларды анықтап жою міндеттері кіреді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow