Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылды
Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылды.
Ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан республикасының президенті Шавкат Мирзеев, Қырғызстан республикасының президенді Садыр Жаппаров, Моңғолияның үшінші президенті Энхбаяр Намбарн, Саха республикасының басшысы Айсен Николаев, Татарстан Раис Рустам Миннеханов қатысып отыр.
Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысады.
Ойындарға қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақүй мен 331 көлік құралы қарастырылған. Медициналық штабта 150 медициналық қызметкер, 23 ветеринар жұмыс істейді. 1 300 волонтер қызмет атқарады.
Сондай-ақ ойыннан 400-ден астам БАҚ хабар таратпақ
Ойындар «Думан» қонақ үйі, «Қазанат» ипподромы, этноауыл, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және «Алау» мұзайдыны мен «Астана Арена» кешенінде өтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?