Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Aqorda.kz.
Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен және Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?