Мүфтият эенергетикалық сусындар туралы ресми пәтуа шығарды
Кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат депті.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарды ішу-ішпеуге қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Мүфтият энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді болып екіге бөлінетінін атап өткен.
«Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады», - деп хабарлады мүфтият.
Ал, алкогольсіз энергетикалық сусындарға тоқталған ҚМБД «кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат» дейді.
«Ал құрамында адам баласының денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады. Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс», - деп атап өткен зерттеулерге сүйенген ҚМБД-ның баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?