Оралдағы жарылыстан жараланған төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр

Маусым 17, 2024 - 16:01
Маусым 17, 2024 - 16:02
Оралдағы жарылыстан жараланған төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Оралдағы "Ел ырысы" базарында газ балоны жарылған кезде зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат берді. 

27 мен 67 жас аралығындағы сегіз ер адам, сондай-ақ 2007 және 2009 жылы туған екі бала жарылыстан зардап шеккен.

Бір бала жансақтау бөлімінде, біреуі травматология бөлімінде жатыр.

Зардап шеккен ересектердің үшеуі жансақтау бөлімінде, ал төртеуі қалалық көпсалалы аурухананың политравма бөлімінде ем алуда.

Оқиға кеше жергілікті базарлардың бірінде болған еді.

"Газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі болып табылады. Сақ болыңыздар!" – деп ескертеді ТЖМ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow