«ҚазМұнайГаз», «Бәйтерек» және «Отбасы банк» компанияларының үстінен тексеру басталды
Мәжіліс алаңында Жоғарғы аудиторлар палатасының басшысы Әлихан Смайылов бірқатар компаниялардың жұмысына қатысты тексеру басталғанын хабарлады.
Айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік аудит жүргізілуде. Сондай-ақ біз аудитті "Бәйтеректе" және оның ірі ведомстволық бағынысты ұйымдарында, Қазақстанның Даму Банкінде, "Даму" қорында, "Отбасы банкінде", Аграрлық несие корпорациясына қатысты аудиттік тексерулер басталған.
"Қазіргі уақытта 9 айдың қорытындысы бойынша біз 9 трлн теңгеден астам соманы қамтитын 18 аудиторлық іс-шара өткіздік. Жыл соңына дейін бірқатар аудиторлық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Мысалы, ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі. Желтоқсан айында осы мәселемен Мәжілістің жалпы отырысына келеміз. Бұл көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асырудың тиімділігі. Біз бұл жұмысты қазір де белсенді жүргізіп жатырмыз. Бұл нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігі. Сондай-ақ, мысалы, Ұлттық ұланда және оның ведомстволық бағынышты ұйымдарында біз аудит жүргіземіз. Барлық осы мәселелер бойынша біз жұртшылықты, парламентті және сіздерді (журналистер – ред. ескертпесі) хабардар етеміз ", - деді Жоғарғы аудиторлар палатасының басшысы Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы ірі квазимемлекеттік компаниялардағы тексерулер туралы айтты.
"Ірі квазимемлекеттік компанияларға келетін болсақ, "Қазмұнайгазда" және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында және серіктес компанияларда қазіргі уақытта мемлекеттік аудит жүргізілуде. Сондай-ақ біз аудитті "Бәйтеректе" және оның ірі ведомстволық бағынысты ұйымдарында, Қазақстанның Даму Банкінде, "Даму" қорында, "Отбасы банкінде", Аграрлық несие корпорациясында бастадық. Тартылатын қарыздардың тиімділігіне қатысты: бұл қарыздар қайда жіберілді, олар мақсатты түрде пайдаланылды ма және бұл қаражаттың елге тартылуының қандай әсері бар. Осы аудиттердің нәтижелерін келесі жылдың бірінші тоқсанында береміз. Сондай-ақ біз "Самұрық - Қазына" корпоративтік басқару бойынша басшылықтың тиісті тапсырмасына байланысты аудит жүргізіп жатырмыз", - деді Смайылов.
Сіздің реакцияңыз қандай?