«339 миллион теңге»: экс-әкім Амандық Баталовтың қызына тиесілі жер телімі тәркіленді

Маусым 17, 2024 - 16:27
Маусым 17, 2024 - 16:28
«339 миллион теңге»: экс-әкім Амандық Баталовтың қызына тиесілі жер телімі тәркіленді

Алматы облысында бұрынғы әкім Амандық Баталовтың қызына тиесілі 339 миллион теңгенің жер телімі тәркіленді, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының прокуратурасы алты айда жалпы көлемі 12,5 мың гектар болатын құны 2,5 миллиард теңгелік  пайдаланылмай жатқан 155 жер телімінің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады.

Мысал ретінде, Қонаевтағы кәсіпорындардың біріне 2020 жылы су электр стансасын салуға берілген 500 гектар жерді айтуға болады. Ол жерге осы уақытқа дейін ештеңе салынбаған.

Тағы бір жағдай Іле ауданындағы алты жылдан бері пайдаланылмай тұрған 339 миллион теңге болатын учаскеге қатысты. Бұл учаске қожайыны Алматы облысының бұрынғы әкімінің қызы Сайора Баталованың  «Solid Cristal» ЖШС-не тиесілі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow