«Бишімбаевқа 25 жыл, Байжановқа 4 жыл»: Белгілі адвокат сотқа қатысты өз болжамын айтты

Бишімбаев өзін өзі ұстап берді.

Сәуір 23, 2024 - 09:51
Сәуір 23, 2024 - 10:29
«Бишімбаевқа 25 жыл, Байжановқа 4 жыл»: Белгілі адвокат сотқа қатысты өз болжамын айтты

Белгілі адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Джохар Өтебеков экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, кеше Қуандық Бишімбаев судьяға телефонының құпия кодын айта отырып, өзін-өзі ұстап берген.

«Әділдік деген сол – соңында Бишімбаев өзін өзі ұстап берді. Пиар-компания ұйымдастырып, сот процессі кезінде ақталып әлек болды. Мінезі құбылмалы болса да сабырлы күйінен таймады. Алайда, қылмыс күні мас күйінде видео түсіргені есінен шығып кетіп, кеше телефонының құпия кодын айтты. Міне, дәл сол кезде оның бетпердесі ашылды», - дейді Джохар Өтебеков.

Оның айтуынша, адвокат ретінде клиенттеріне үнемі жылы қарым-қатынас танытатын ол ешкімнің ауыр тағдырын жүрегіне жақын қабылдамайтын. Алайда, Салтанат Нүкенова мен ағасының қайғысы қабырғасын қайыстырған.

«Осыларды ескергенде, істің соңы қалай аяқталатынын алдын ала болжауға болады: 25 жыл (мүмкін тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылады). Байжановқа – 4 жыл», - деп жазды адвокат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow