«Орыс тілі Ресейдің ғана меншігі емес»: Елімізде ақыры орыс тілі ұйымы құрылатын болды

Депутат Айдос Сарым "орыс тіліне Ресейдің жеке дара меншігі деп қарамауымыз абзал. Әлемде қанша адам, қанша қоғам орыс тілін тұтынатын болса, сол арқылы ақпарат алып, тарататын болса, орыс тілі солардың да ризығы, игілігі" деді.

Қараша 20, 2024 - 15:29
Қараша 20, 2024 - 15:35
«Орыс тілі Ресейдің ғана меншігі емес»: Елімізде ақыры орыс тілі ұйымы құрылатын болды

20 қарашада парламенттің төменгі палатасы "орыс тілі жөніндегі ұйым құру туралы" шартты қолдап дауыс берді. Құжатты 84 депутаттың 82-сі қолдады, 1 адам қарсы, 1 депутат қалыс қалды, деп жазады Азаттық радиосы. 

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи "Қазақстанда орыс тілі мәселесі жоқ, қазақ тілі мәселесі бар" деді.

"Орыс тілінің тағдырына Қазақстанның алаңдайтын жөні жоқ. Бұл халықаралық қордың құрылуы Қазақстан үшін тіл мәселесі емес, сыртқы саясатқа қатысты өте маңызды мәселе болмақ. Қорыта келгенде, президент Тоқаевтың дипломатиялық саясатына дес беріп, мен осы заңды тісімді шықырлатып отырып қолдаймын. Қоғам да бұған түсініп қарайды деп ойлаймын. Қазір дүрілдеп, теңселіп, тербеліп тұрған әлемде біз үшін басқа балама қадам жоқ деп түсіну керек" деді депутат.

Депутат Айдос Сарым "орыс тіліне Ресейдің жеке дара меншігі деп қарамауымыз абзал. Әлемде қанша адам, қанша қоғам орыс тілін тұтынатын болса, сол арқылы ақпарат алып, тарататын болса, орыс тілі солардың да ризығы, игілігі" деді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы қазанда Путинмен ТМД жанынан орыс тілін қолдайтын және дамытатын халықаралық ұйым құруды ұсынды. Сол жылы желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен саммитте Тоқаев 2023 жыл ТМД ұйымы аумағында орыс тілі жылы болатынын мәлімдеді. Бұл елде екіұдай пікір тудырған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow