Қыздарымыз мәһр сұраймын деп бақыр киіп қалмасын - Нұрлан имам

Қараша 20, 2024 - 17:10
Қыздарымыз мәһр сұраймын деп бақыр киіп қалмасын - Нұрлан имам
Фото: madeniportal.kz

Желіде желдей ескен видеолардан қымбат көлік пен пәтер сұрап жатқан қалыңдықтарды көріп жатырмыз. Мұны біреу жөн көрсе, енді бірі сынға алып жатыр. Жақында осы мәселеге нүкте қойып, ҚМДБ мәһр мен қалыңмалды бір ұғым етіп бекітті. Осы ретте Нұрлан имам мәһр мен қалыңмал ұғымдары туралы айтты, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрлан имамның айтуынша, неке қияр алдында күйеу жігіт қалыңдығына белгілі мөлшерде сый төлеуі керек.

Мәһр – неке қиғанда әйелге берілетін сый. Ол қалың мал немесе мәһр деп аталса да әбестігі жоқ деп отыр.

«Біздің дана халқымыз некенің шарты болған қыз балаға берілетін сыйлық қыздың қарға бауы, алқа таққан, мұның бәрі қыздың жеке мүлкі болған, қыздың өзіне берілген. Кейбір жерде қыздың қалың малы деп те аталған. Немесе әке күші, ана сүті деген атпен де аталып жатады. Осының бәрі некедегі мәһрдің жолы болып табылады. Мәһрді мәһр деп атау шарт емес. Қазір қалың мал жүз мыңнан миллионға дейін барады. Осы берілген ақыға қыздың ата-анасы жиһаз-жабдығын алып береді. Енді қалың малды да, мәһрді де алам деу бейбастық, өз білгенімен кету, ата-баба салтын аттау. Сондықтан шариғаттың шартын бабаларымыз даналықпен орындаған. Қазір шариғаттың жолын емес, арабтардың салт-дәстүріне еліктеп, «арабтар бүйтеді екен, арабтар сүйтеді екен» деп айтатындар бар, біз араб емеспіз. Өзіміздің салт-дәстүріміз бар, соның аясында жасауымыз керек. Шариғатта талап еткен әлеуметтік сақтандыруын ата-бабамыз даналықпен орнын айшықтап тұрып орындаған. Күйеу жігіттің қызға беретін сыйы мәһр орнына жүреді. Қыздарымыз мәһр сұраймын деп бақыр киіп қалмауы керек», – дейді Нұрлан имам.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow