«Алдымен зорлап, кейін өлтіріп кеткен»: Жетісу облысында 14 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен қыздың денесі табылды
Жетісу облысында ауылда 14 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен қыздың денесі бірнеше күннен кейін зорлық-зомбылық белгісімен табылды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
20 жастағы қызды 14 шілдеден бері ешкім көрмеген. Оның мүрдесі қараусыз қалған үйден табылған. Ал денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол алдымен зорланған. Содан кейін өлтірілген. Полиция осы іс бойынша тергеуді бастады.
«Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге деректер таратуға жатпайды», - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.
Іс аймақтық полиция басшылығының бақылауында.
Сіздің реакцияңыз қандай?