«Мінезіміз жараспады»: Жігер Ауыпбаев ажырасып кеткенін айтты

Қараша 15, 2024 - 12:17
«Мінезіміз жараспады»: Жігер Ауыпбаев ажырасып кеткенін айтты
Фото: әлеуметтік желі

Эстрада әншісі Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты шындықты айтты. Өнер иесі бұған дейін отбасылы болғанын, бірақ келіншегімен ажырасып кеткенін жеткізді, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Ол «1001 түн» бағдарламасында қатысты ешкімге айтпаған сырын ашты. Әнші бұрынғы әйелімен мінезі жараспай, соңында екі жаққа кеткенін айтты.

«Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Одан кейін көңілді де алдау үшін іздейсің ғой. «Адамға да адам керек» демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрген кездерім болған. Әлі де табылмай жатыр», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow