Ақтөбеде 18 млн теңгелік қыран «қанаты қайырылып» құлап түсті
Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында 2023 жылы қала орталығында жалпы 100 миллион теңгеге тұғыр орнатылған болатын. Сол тұғыр бір жылдан соң құлады, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы time.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақша «Азамат құрылыс» компаниясына берілген. Тұғырға 83 млн жұмсалған. 2024 жылдың 19 мамырында тұғыр шыңында қыран пайда болды. Құрылыс құжаттарында жоқ алтын қыран ешқандай жобада қарастырылмаған еді.
Бірақ, биылғы жылы күшті бораннан соң қыран құлап, адамдар үшін қауіп туғызды.
Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Қайырбек Таханов өзінің фирмасы «Қайсар Relations»-тың осы қыранның орнатылуына қатысы бар екенін растады.
Алайда, құжаттарда бұл жайында ештеңе жазылмаған. Алтын қыранды орнатумен «Латыпов» жеке кәсіпкерлігі айналысқан. Қыранның өзіне 18 миллион теңге жұмсалды.
Әзірге әкімдік бұл жайлы мәлімдеме жасамады.
Сіздің реакцияңыз қандай?