«1 млрд доллардан астам қаржыны біреуден тартып алды дейін десең…»: Қайрат Сатыбалдының бостандыққа шығуы заңды ма?

Тамыз 17, 2024 - 16:08
Тамыз 17, 2024 - 16:16
«1 млрд доллардан астам қаржыны біреуден тартып алды дейін десең…»: Қайрат Сатыбалдының бостандыққа шығуы заңды ма?

Күні кеше  Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын түрмеден шығатын болды деген ақпарат отандық БАҚ бетін жауып кеткен еді. Өскемен соты Сатыбалдының жазасын жеңілдетіп, оның түрмедегі жазасын бас бостандығын шеттету жазасына ауыстырды.

Алайда ел арасында бұл жағдайға қарсылық білдіргендер де бар, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Мазмұндама» ҚҚ жетекшісі Шыңғыс Мұқан осы жаңалыққа өзінің Facebook-тегі парақшасында алаңдаушылық білдірген.

«Қайрат Сатыбалдыдан 1 млрд доллардан астам қаржы мен мүлік өндірген екен. Не деген ақша бұл? Сұмдық қаржы ғой. Ақша аспаннан түспейді, негізі. Қайдан алған екен? Біреуден тартып алды дейін десең, егер біреуден тартып алса, бұл қаржы мемлекетке емес, бұрынғы иесіне түсуге тиіс. Заңсыз, яғни табысының салығын төлемей табыс тапты дейін десең, олай болса, айыппұлын төлейсің, мемлекет бәрін сыпырып алмайды. Сыбайлас жемқорлықпен тапты дейін десең, мемқызмет пен квазимем салада көп жұмыс істемеген»,-дейді ол.

Шыңғыс Мұқан Сатыбалдыдан осынша қаржыны өндіріп жатқандар осы жағын елге түсіндіріп беруін сұраған.

«Оны айтып отырғаным бекер емес. Себебі заман ауса, заңсыз тәркіленді деп, мүлік пен бюджетке түскен қаржыны қайтарып алуы әбден мүмкін. Естеріңізде болса, Атыраудың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтен тәркіленген дүниесінің бір бөлігін Жоғарғы сот қайтарып берген еді. Сондай болмасын дегенім ғой. Ол үшін тәркіленген мүлік пен қаржы үшін науқаншылдық емес, заңдылық маңызды. Алаңдап отырмын. Ертең босап шығып жатса, құр алақан адамдар емес, биліктен аласталған бұрынғы тегеурінді орта бар, 1,5 млрд доллар да аз ақша емес, тісін қайрап, енді әділеттікке бет бұрып келе жатқан Жаңа Қазақстанға зияны тиіп кетпес пе екен деп алаңдап отырмын»,-деп түйіндеді ол.

Ал, Қайрат Сатыбалдының бостандыққа шыққанын атойлатып тойлап жатқан жұрт та бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow