«Заңға пысқырмай ма?!»: Әнару Құрманәлінің адвокаты Жанқош Тұраровқа шүйлікті

Қараша 21, 2024 - 09:41
«Заңға пысқырмай ма?!»: Әнару Құрманәлінің адвокаты Жанқош Тұраровқа шүйлікті
фото: әлеуметтік желіден

Белгілі адвокат Ләззат Ахатова өз қорғауындағы Әнару Қалдыбектің ісіне қатысты пікір білдіріп, боксшы Жанқош Тұраровқа шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

«Әнарудың ісін тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі “қатты ауырып жатыр-мыс”. Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Осылар заңға пысқырмай, қай көкелеріне сенеді, өзі?!.. Мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық», – деп жазды Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow