Зайсанда 3 бойжеткен оқушы қызды бетінен ұрып, тізерлетіп мазақ еткен (ВИДЕО)

Қазан 8, 2024 - 16:26
Қазан 8, 2024 - 16:42
Зайсанда 3 бойжеткен оқушы қызды бетінен ұрып, тізерлетіп мазақ еткен (ВИДЕО)

Зайсанда 3 мектеп оқушысы жиналып бір қызға буллинг көрсеткенін видеоға түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Темекі шегіп отырған үш қыз дөрекі сөйлеп, өзге оқушы қызды балағаттап, бетінен ұрып, тізерлеп отырқызып кешірім сұратқан. Олар өздерінің әрекеттерін видеоға үсірген. Жәбірленуші қыз «Құдай үшін, ұрмай-ақ қойыңдаршы» деп жалынған.

«Біздің артымызда қаншама адам тұр. Тізерлеп кешірім сұра. Бағанадан бері саған хабарластым. Қоңырауға жауап бермесеңдер, телефонды не үшін ұстайсыңдар? Саған 5 мың теңге айыппұл. Бұл екеуі 10 мыңнан қойсын, 20 мың теңге ертең тауып берсін. Бұл видеоны бүкіл Зайсан көреді. Ертең банк картасына 10 мың теңге жібер. Аналарыңа, мұғалімдерге айтсаң, жақсылық күтпе», - дейді видеодағы дөрекі сөйлеген оқушы қыздар. 

Соңында үшеуі жәбір көрсеткен қызды тағы да тізерлетіп, бұл жолы маңдайын жерге тигізіп тұрып, кешірім сұратқызған. ШҚО полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Кәмелетке толмағандар полицияға ата-аналарымен бірге жеткізіледі. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.Сонымен қатар, барлық қатысы бар құқық бұзушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады.Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу үшін материал дайындалуда. Барлық кінәлілер профилактикалық есепке алынады.», - деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow