Еңбек министрлігі: екі кәсіпорындағы алты адамның қазасын тергеуге арнайы комиссиялар құрылды

Қазан 8, 2024 - 15:24
Еңбек министрлігі: екі кәсіпорындағы алты адамның қазасын тергеуге арнайы комиссиялар құрылды

6 қазанда Қостанай облысы Рудный қаласындағы диірмен кешені аумағында ұн салатын бункерден төрт адам өлі табылды. Бұл ақпаратты кеше Қостанай облысының полиция департаменті растады.

8 қазанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында марқұмдардың аты-жөнін жариялады: Е. Бошықов (1987 жылғы), А. Өтегенов (1994 жылғы), Д. Қалауов (1978 жылғы), С. Шәкіртаев (1976 жылғы).

Министрлік мәліметінше, диірмен кешенін Imperial Agro Group ЖШС жалға алып істеген. Олардың айтуынша, Бошықовпен арада азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалған. Марқұм іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша технолог ретінде қызмет көрсеткен.

– ЖШС директоры қаза болған өзге азаматтар туралы білмейді, өйткені олармен еңбек шарты болмаған, – деді министрлік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow