Алты жыл көрген қорлық: Оңтүстік Қазақстанда екі ағасы кішкентай қарындасын зорлап келген

Қазан 17, 2024 - 22:01
Қазан 17, 2024 - 22:12
Алты жыл көрген қорлық: Оңтүстік Қазақстанда екі ағасы кішкентай қарындасын зорлап келген

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында Қазақстандағы балаларға жасалған азаптау мен зорлық-зомбылықтың екі оқиғасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Зәкиеваның айтуынша, ол қазір облыстық балалар омбудсменімен бірлесіп, алты жыл бойы екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген Жамбыл облысындағы 13 жастағы қыздың ісімен айналысып жатыр.

Ол баланың мектеп психологына өзінің қиындықтары туралы бірнеше рет белгі бергенін, бірақ ешқандай шара қолданылмағанын айтты.

"Қылмыстық іс қозғалды. Қыз бен оның анасы қауіпсіз жерге жеткізілді, оларға барлық қажет көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары өткізген комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары, директорға қатысты шара қолданылды. Бұл ауылдағы жалғыз мектеп. Қыз сауалнамада психологқа белгі берді, бірақ қажетті жұмыс жүргізілмеді", - деп жазды Зәкиева.

Динара Зәкиева 2022 жылдан бері патронат тәрбиеде болған 8 жастағы балаға қатысты екінші оқиғаны да айтып берді. 

"Бала оқыған мектепте оның үнемі ұйықтайтыны, аш болатыны және гигиеналық талаптарға сай келмейтіні байқалған. Тексеру кезінде оның денесі көгергені, сызаттар бары анықталды. Олар (мектептегілер - еск.) баланың бұрын белсенді болғанын және оқу үлгерімі жақсы болғанын айтты", - деп жазады омбудсмен.

Сәуірде патронат тәрбиеші психиатрға хабарласқан. Ол балаға мінез-құлқы бұзылғандықтан, күшті дәрі жазып бергені белгілі болды. Мектептегілер баланың мінез-құлқына шағымданбаған.

"Бала қазір ауруханада жатыр. Осы дерек бойынша мен Бас және облыстық прокуратураға хабарластым. Қылмыстық іс қозғалды", - деді Зәкиева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow