Бензин тасымалдайтын көлік жарылып, 140 адам көз жұмды
Нигерияның солтүстігіндегі Джигава штатында жанармай тасымалдаушы көлік аударылып қалды. Ұзамай оқиға орнында алапат жарылыс болған.
Жергілікті полиция қызметі алғашқыда кемі 105 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. Кейін алапат жарылыстан көз жұмғандардың саны 140-қа жеткені белгілі болды.
«Бензин тасымалдаушы көлікке ешкімнің жақындамауы үшін бар күшімізді салдық, бірақ оқиға орнын қоршағанымызға қарамастан, адамдар жанармай жинауға кіріп кетті, одан кейін өрт шықты» деді жергілікті полиция өкілі.
Оқиға салдарынан 140 адам көз жұмды. Көлік жүргізушісі аман қалған. Ол тергеуге дейін қамауға алынды. Қаза тапқандардың көбінің денесін күйік шалған. Осыған байланысты олардың нақты кім екенін анықтау мүмкін болмай жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?