«Зак Снайдердің өзі түсіргендей»: тағы бір тарихи тұлғамыз өзгенің еншісінде кеткелі тұр

Өзбек ағайындар Жалаңтөс батыр туралы фильм түсіріпті.

Ақпан 19, 2024 - 10:48
Ақпан 19, 2024 - 10:57
«Зак Снайдердің өзі түсіргендей»: тағы бір тарихи тұлғамыз өзгенің еншісінде кеткелі тұр

Өзбек ағайындар Жалаңтөс батыр туралы фильм түсіріпті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Амир Баҳодир Ялангтўш фильміндегі шайқас көріністеріне Қазақстанның Nomad Stants каскадерлар тобы қатысқан. Сонымен қатар, Еркебұлан Дайыров, Дәулет Әбдіғапаров сынды қазақ актерлары да жүргенін байқауға болады.

Фильмнің премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңында жоспарланған.

Жалаңтөс Баһадүр туралы фильнің трейлерін көрген жұрт «Зак Снайдердің өзі түсіргендей екен!» деп ауыздарының суы құрып жатыр... 

Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (1576-1656) (ертедегі шығыс елдері баһадүр деп атаған) қолбасшы. Сырдарияның саға-жағалауын мекен еткен Төртқара елінде туған.

Қазақ батыры, әскербасы, Самарқан өмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді. 
1581 жылғы аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың әкесі Айтқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Бұраты тауына қоныс аударды. Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен-ақ зерделілігі және төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған сол дәуірдің жоғары дәрежесі — "Аталық" атағы берілді. 1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жөңгір ханға 20 мың өскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты.

1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті.

Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Әскери өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен және Тибеттен қымбат сыйлықтар ағыл-тегіл келіп жатты. Академик М.Е.Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр әскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарканда үлкен құрылыстар, зәулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады.  

Жалаңтөс батырдың зираты  Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауында жатыр. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow