«Қонақүйге апарып, әурет жерін ұстатқан»: 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған бапкерге қатысты тың дерек шықты
Қызбен психолог жұмыс істеп жатыр.
Павлодар облысы бойынша балалар омбудсмені жекеменшік футбол мектебінде жаттықтырушының 10 жасар қызды азғындады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Павлодардағы балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова жәбірленушінің анасына хабарласып, баланың хал-жағдайын сұрағанын айтты. Қазіргі уақытта қыз үйде, отбасы барынша оған қолдау білдіріп жатыр дейді. Онымен психолог жұмыс істеп жатыр.
«Полиция қызметкерлерінің әрекеті құрметке лайық, қыздың анасы риза. Полицейлер жедел әрі сауатты, мүмкіндігінше дұрыс әрекет етті дейді . Мен өз тарапымнан анасына 10 жасар қызының қорықпай, бәрін айтып, сол арқылы бір емес, бірнеше баланы аман алып қалған қылығына таңданысымды білдірдім! Мен үшін бұл ерлік! Мұндай батырлық кез келген ересек адамның қолынан келе бермейді! Сондай-ақ көп балалы анаға қызына берген тәрбиесі үшін алғыс айттым. Өйткені ата-ана өздеріне деген сенім деңгейін қалыптастырған, соның арқасында балалар отбасында өзін қауіпсіз сезінеді», – деді Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сараптама тікелей жыныстық қатынас болмағанын көрсетті, бірақ ер адам, баланың айғақтарына сәйкес, кәмелетке толмаған қызға тиісіп, өзінің әурет жерлерін қызға сипатқан. Қызды қонақүйге апарып, содан кейін үйіне апарып тастаған.
Футбол бапкері қазір қамауға алынды және оған кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық зорлық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы қадағалап отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?