«-45 градус аяз»: Алты өңірде дауылды ескерту жасалды

Қар жауып, оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - тұман.

Ақпан 19, 2024 - 09:59
«-45 градус аяз»: Алты өңірде дауылды ескерту жасалды
gov.kz

Қазгидромет мамандары Алматы, Астана және тағы 4 қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай болатыны туралы ескерту жасады.

"2024 жылғы 19 ақпанда Қостанай, Өскемен, Риддер, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында ауаның ластанады", - делінген хабарламада.
Қолайсыз ауа райы - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Синоптиктердің айтуынша, жалпы ел аумағында ауар-райы қолайсыз болмақ.

"Қазақстан Республикасының батысында, оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктердің өтуімен қар жауып, оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - тұман.
Жетісу облысында – 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45 градус қатты аяз болады деп болжанады. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында 35-39 градусқа дейін қатты аяз сақталады", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow