«Ұят-ай!»: желіде қисалаңдап көшеде мас жүрген прокурордың видеосы тарады
Видеодағы адамның БҚО облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев екені айтылады.
Желіде облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің күндіз мас күйінде қала көшелерін кезіп жүргені туралы видео жария болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Айболат Бөкенов бейне жариялады. Онда БҚО облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің күндіз мас күйінде кезіп жүргені түсіп қалған.
“Табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев осылай тұр. Видеода көргендеріңіздей өз өзіне ие бола алмай қалған секілді. Қоршаған ортаны қорғайтын прокурордың өзі қоршаған ортаны бүлдіріп жүрсе айтарға сөз жоқ. Халыққа өзі үлгі болудың орнына, мынаның жасап жүрген ісі ұятқой”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол прокурордың бірнеше рет заң бұзғанын айтты.
"Бұл мінез-құлық оның кәсіби беделіне күмән келтіріп қана қоймайды, Қазақстанның заңнамасын елемейтінін көрсетеді. Прокурор бірнеше рет заңды бұзды. Бұл әрекеті оның құзыреті мен этикасына қатысты күрделі сұрақтар туғызады", – деп жазды Бөкенов.
Сіздің реакцияңыз қандай?