«Дұға жасау арқылы жеңіске жетсе, Сауд Арабия құрығанда бір жүлде алар еді» - қоғам белсендісі
Ұтса да, ұтылса да Алланың қалауы деп отырғандарды түсінбеймін. Алла да сенің жеңгеніңді қалайды.
Спорт пен дін екі бөлек нәрсе деп ойлаймын. Дұға жасау арқылы жеңіске жетсе Түркия алтын алар еді. Ортасында Қағба тұрған Сауд Арабия құрығанда бір жүлде алар еді. Алғашқы 10 елді қарасаң мұсылман бір де бір ел жоқ. Әйтпесе Бангладеш, Пәкістан сияқты халқы көп мұсылман елдер де бар.
Алғашқы елдерде мұсылман елдерден Өзбекстан, Әзірбайджан, Қазақстан секілділер бар. Біз КСРО-дан шыққан ел болғандықтан спортқа басқаша қараймыз. Негізі олимпиада алтыны еңбек пен техника ғой. Ұтса да, ұтылса да Алланың қалауы деп отырғандарды түсінбеймін. Алла да сенің жеңгеніңді қалайды.
Өзбектердің спортшылары намаз оқиды әрі еңбекқор. Жалпы өзбек халқы еңбекқор ғой. Дұғасымен қатар еңбегі қатар жүреді. Жапондар мен қытайлар да еңбекқор. Батыс елдері де сол. Еңбектенеді. Жүлде алады. Техникалары өседі. Артынан ілесіп жүреді. Бәрін құдайға аудара салған қалай болар екен?
Қоғам белсендісі Сәбит Рысбаевтың facebook пaрaқшaсынан
Сіздің реакцияңыз қандай?